Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?
Фото: massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы хабарлады.

"Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысып келетін атмосфералық фронттардың әсерінен, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, екпінді жел алдымыздағы үш күнде еліміздің барлық дерлік аумағында күтіледі. Жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін. Батыс және солтүстік облыстардағы температура көпжылдық орташа көрсеткіш мөлшерінде болып, кей жерлерде 1-2 градусқа төмендесе, басқа аумақтарда 2-4 градусқа жоғары болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, синоптиктер осы айда үш рет суық түсіп, оның соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтқан болатын. "Айдың басында суық және ылғалды ауа массасымен циклон келіп, елдің солтүстігінде ауа температурасы 1-6 градус жылы болса, қалған өңірлерде 2 градусқа дейін суық болады", - деді мамандар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Ө. Сансызбай