Маусымда қандай ауа райы күтіледі?

Маусымда қандай ауа райы күтіледі?
Фото: massagetkz

Синоптиктер маусым айында елімізде қандай ауа райының күтілетінін айтты.

"Болжам бойынша, биыл маусым айында температуралық режим көпжылдық мәнге жақын болады: елдің солтүстігінде температура теріс бағытта, оңтүстігінде оң бағытта ауытқиды. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық, тек Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады", − делінген хабарламада.

Синоптиктер маусым айында үш рет суық түсіп, соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтты. "Айдың басында суық және ылғалды ауа массасымен циклон келіп, елдің солтүстігінде ауа температурасы 1-6 градус жылы болса, қалған өңірлерде 2 градусқа дейін суық болады",  деді мамандар.

Қазақстанның батысында қысқамерзімді найзағайлы жаңбыр түнде 7-12 градус, күндіз 12-20 градус, ал оңтүсітігінде түнде 10-18 градус, күндіз 27-35 градус ыстыққа әкеледі. "Кейін Орталық Азиядан келген жылы ауа массасының әсерінен солтүстікте күндіз 23-31 градусқа, оңтүстікте 33-40 градусқа дейін ыстық болады. Қалған екі суық толқынды айдың ортасы мен соңында күтуге болады",  деді синоптиктер.

Дереккөз:  tengrinews.kz

С. Ерсін