Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: massagetkz

Синоптиктер  демалыс күндеріне арналған ауа райының қандай болатынын айтып берді.

"Оралдан және Батыс Сібірден Қазақстанға атмосфералық фронттар ығысып келеді, соған байланысты найзағайлы жаңбырлар жауып жатыр, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейді. Алдағы демалыс күндері ауа райы өзгермейді деп күтілуде. Республика территориясына жылы әрі дымқыл ауа келеді. Ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа жоғары болады. Ал батыста ғана жаңбыр жаумайды және ыстық болады", − деді синоптиктер.

Еске салайық, 26 мамырда Алматыда жаңбыр мен бұршақ жауған еді. Мегаполисте таңғы уақытта күн ашық әрі ыстық болды, бірақ түстен кейін күн бұзылды, найзағай ойнап, жаңбыр сіркіреді. Ал бірнеше минут өткеннен кейін бұршақ жауды.

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін