Алматыда жауын-шашын мөлшері 25 жылдық рекордты жаңартты

Алматыда жауын-шашын мөлшері 25 жылдық рекордты жаңартты
Фото: Voxpopuli.kz

Сәуір мен мамыр айы бойы жауған нөсер кейбір аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің 25 жылдық рекордтың жаңаруына әкелді, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда 1990 жылдан бастап жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі 1998 жылы байқалып, 176 миллиметрді құраған, ал биыл мамырда бұл көрсеткіш 180 миллиметрге жетті. Метеорологтар алдағы үш тәулікте жауын-шашынның түсуі аздап саябырлайды деп болжап отыр.

"Дегенмен Іле Алатауының таулы аудандарында алдағы тәулікте жаңбыр әлі де сақталады. Республиканың шығысында суық арктикалық фронттармен түнгі уақыттың кей кездерінде сулы қарға ауысатын жаңбыр жауады. Сондай-ақ, Қазақстанның батыс аудандарында жылы фронттың әсерімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін",  деді мамандар.

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін