Ауа райы: Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

Ауа райы: Қазақстанның бес облысында үсік жүреді
Фото: massagetkz

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, 11 мамырда түнде Шығыс Қазақстан, 12 мамырда түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 1-6 градус суық болады. 

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің ақпарат көздері бойынша Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалған. Жауын-шашынның көп болуына және Алматы облысының таулы аудандарындағы қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты (3000 метр биіктікте) 10-11 мамыр аралығында қар көшкіні жүреді.

Сонымен қатар 11 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыс, батыс желі секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр. Астанада 11 мамырда таңғы уақытта және күндіз оңтүстік-батыс және батыс желінің жылдамдығының секундына 15-20 метрге жететіні хабарланды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін