Алматыда ескерту дабылы қағылады

Алматыда ескерту дабылы қағылады
Фото: www.youtube.com

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті әр айдың бірінші бейсенбі күні сағат 12.55-те қала бойынша байланыс және хабар таратудың техникалық дайындығын тексереді.

Кезекті дабыл 5-мамырда сағат 12.55- те қосылады. 2 минуттық ескерту қаланың тұрғындарына қандай да бір төтенше жағдайда хабарландыру жүйесін тексеруді мақсат етеді. Сондай-ақ, барлық теле-радио арналары арнайы қағылған дабылға байланысты бірмезетте «Бәріңе, бәріңе!» деген хабар тарататын болады.

Атаулы күн мерекелік датаға түскен сәтте дабыл келесі бейсенбіге қалдырылады.

С. Ерсін