Маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды − Назарбаев

Маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды − Назарбаев
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мемлекеттік қызмет туралы тағы да өз пікірін білдірді.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" атты күн тәртібімен өтіп жатыр. 

Мемлекет басшысы реформалар жайлы айта келе, мемлекеттік қызметкерлердің корпусында Қазақстанның 45 этносының ұсынылғанын айтты. 

"Шынымды айтайын, маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды. Шенеунік − хандық сөз, шендерден шыққан. Бізде мемлекеттік қызметкер бар. Олар жайлы қалай айтылып жатса да, олар халықты барлығымен қамтамасыз етіп жатыр. Полицейлерге де, мемлекеттік қызметкерлерге де халық жүгінеді. Сондықтан мемқызметті біз құрметті, адал етуіміз керек, ол жаққа барлығы барғысы келетіндей етуіміз керек",  деді Президент.

Ол ел басшылығының мемлекеттік аппаратта этникалық түрлілікті болдыруға тырысатынын айтты.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін