Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қадым ғасырдан қалған қабір

Қадым ғасырдан қалған қабір

Қадым ғасырдан қалған қабір

Моңғолияның Алтай тауларында мал бағып жүрген адам ежелгі моланың орнын тапты. Содан кейін ол дереу мамандарға хабар берген. Қазір ежелгі жәдігерлермен танысу үшін арнайы мамандар аталған жерге барып, зерттеу жұмыстарын бастады.

Ховд мұражайының қызметкері Б.Сүхбаатардың айтуынша, бұл – Моңғолия жеріндегі, мүмкін Ор­талық Азия­дағы сол күйінде сақ­талған қабірдің бірі.

Археологтардың болжамы бо­йынша, зират Алтай жерінде 1500 жыл бұрын өмір сүрген түркітіл­дес тайпалардың біріне тиесілі. Мәйіттің жанынан жыл­қының сүйегі, жүген, саздан жа­салған ыдыс, шөміш табылған. Бұл заттар – көшпелі халықтың тұр­мысына қажет дүниелер. Осы­ған қарап, ғалымдар оның әйел адам екені жөнінде болжам жа­сады.

– Біздің пайымдауымызша, мола әйел адамға тиесілі. Себебі, зерттеу жұмыстары кезінде ер адамға қа­тысты зат таппадық. Әдетте, олар жауын­гер ретінде қару-жарақ­та­ры­мен бірге жерленетін, – деді Б.Сүхбаатар.

Зират жерден 2803 метр биік­­тікте, тау шатқалында ор­на­лас­қан. Осыған байланысты бұл орын­­ға ешкім батып кіре ал­­ма­ған. Тарихи заттардың бү­лін­бей, әрі де­ненің мумияға ай­на­луы­на ай­мақтағы климаттың сал­қын­дығы әсер еткен.

Автор: Аян Әбдуәли

Дереккөз: Егемен Қазақстан

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Yernar Almabek
Фото: http://egemen.kz/
Қосылған күні: 24 сәуір 2016, 12:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.