Алматының орталығында құбыр жарылып, аялдаманы су басты

Алматының орталығында құбыр жарылып, аялдаманы су басты
Фото: tengrinews.kz

Алматы орталығында құбыр жарылып, ыстық су атқылады. Соның салдарынан жақын маңдағы аялдаманы су басты.

Куәгердің айтуынша, құбыр Әйтеке би − Абылайхан көшелерінің қиылысында шамамен сағат 12.15-те жарылған. Ауданда тұман түскен. Айта кетейік, бұл жерде паркинг орналасқан. Жүргізушілер өз көліктерін қауіпсіз жерге жеткізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.


Дереккөз: tengrinews

 

С. Ерсін