ҚазҰУ мен Назарбаев мектебінде Наурыз мейрамы тойланды

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі Наурыз мейрамын тойлады. Кең көлемде аталып өткен іс-шараға жиналғандардың қарасы көп болды.

Қара шаңырақ ҚазҰУ Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде тойлап келеді. Университет биыл да құрметті қонақтары, ұстаздары мен студенттеріне арнап 10 қаралы киіз үй тігіп, кең дастархан жайды.

Ал Назарбаев мектебіндегі Наурыз ерекше тойланды. Салтанатты іс-шара Наурыздан бөлек, Алматының 1000 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырып ұйымдастырылыпты. Мектеп алдындағы алаңда өткен мерекелік іс-шара жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев пен «Меломен» тобы арнайы келіп, ұстаздар мен оқушыларды Әз Наурыз мейрамымен құттықтады.