Ұлттық Олимпиадалық комитет логотипін өзгертті

Ұлттық Олимпиадалық комитет логотипін өзгертті
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті логотипін өзгертті. Логотипті өзгерту жұмыстары ҚР ҰОК 25 жылдығымен қатар келді. Осы шара аясында логотиптің графикалық тұрғыда және түсіне, шрифтіне қатысты өзгерістер енгізілді, − деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Сыртқы коммуникациялар қызметі.

Логотип көк түсті шеңбер тәріздес. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетіне тиесілі екендігін білдіретін жазу жазылған.

Жаңа логотиптің негізгі элементі − бүркіт. Оның Олимпиадалық сақиналармен бірге көкте самғауы әлем спортында қазақстандықтардың қазіргі және болашақтағы жетістіктерін көрсетеді.

Логотиптің астыңғы тұсында "Қошқар мүйіз" орналасқан. Ол тек декоративті безендірілу емес, ұрпақтар байланысы мен ұлттық сананы білдіреді. Жаңа логотип Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан құпталды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін