Қазақстан әскери шығындар жөнінен әлемде 60-орын алды

Қазақстан әскери шығындар жөнінен әлемде 60-орын алды
Фото: ru.m.wikipedia.org

Қазақстан әлемде әскери шығындар жөнінен 60-орында тұр. Бұл туралы Стокгольм халықаралық әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтерінде көрсетілген.

Ұйымның мәліметінше, 2015 жылы Қазақстанның әскери шығыны 1,9 миллиард доллар болған. Бұл 2014 жылға қарағанда 400 миллион долларға аз. Айта кетейік, былтыр біздің ел бұл тізімде 61-орында болған еді.

Жалпы осы мақсатта жұмсалған әлемдік шығын 2015 жылы 1,7 триллион долларға жеткен. Бұл 2014 жылға қарағанда 1 пайызға жоғары. Мамандар шығынды есептеген кезде жалақы, операциялық шығындар, әскери құрылыс, ғылыми зерттеулер, орталық аппаратты қаржыландыруға жұмсалған әскери шығындарды негізге алды. 

Тізімде 1-орында бұрынғыдай АҚШ тұр. Бұл елдің былтырғы шығыны 596 миллиард доллар болған. Екінші орында әскери шығындарға 214,787 миллиард доллар бөлген Қытай орналасқан. Үшінші орында 87,186 доллармен Сауд Арабиясы болса, Ресей 66,4 миллард доллармен төртінші орында.

 
Дереккөз: tengrinews.kz
 
С. Ерсін