Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде 22 наурызда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жел жаяу бұрқасын болады. 

Тек оңтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Қазгидромет.  

Ақмола,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  тұман, көктайғақ,  жаяу бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерінде соққан желдің күші 15-20 м/с.-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-23 м/с, түнде шаңды дауылмен   күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, түнде және таңертең желдің күші 15-20 м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с.-ге жетеді.

 Дереккөз: inform.kz