Көкшетауда Наурыз мейрамына орай, жәрмеңке өтуде

Көкшетауда Наурыз мейрамына орай, жәрмеңке өтуде

Көкшетауда Наурыз мейрамына орайластырылған «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi өтуде.

Тәуелсiздiк алаңы және «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған азық-түлiк өнiмдерiнiң жәрмеңкесіне Зерендi, Сандықтау, Бурабай, Жақсы, Еңбекшiлдер аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысуда.

Мұндағы азық-түлік өнімдерінің бағасы қала базарларындағы тауарлардан 15-20 пайыз арзанға сатылып жатыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге аудандық көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйлауда. 

Дереккөз: baq.kz

Y. Almabek