Демалыс күндеріне арналған ауа райын болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райын болжамы
Фото: massagetkz

Синоптиктер демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, 19-23 наурыз аралығында республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. "Батыс Сібірдің үстінде тұрған, кеңінен жайылған циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райына әсер етуін жалғастырады. Сондықтан алдағы демалыс және мереке күндері республикамыздың кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болып, қарлы жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді, тұман мен көктайғақ, солтүстік облыстырда боран күтіледі", − делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Температура климаттық қалыптан 2-5 градусқа, оңтүстік және шығыста 5-13 градусқа жоғары болады.

Дереккөз: Tengrinews

С. Ерсін