Назарбаев бақыт жайлы тәмсіл айтып берді

Назарбаев бақыт жайлы тәмсіл айтып берді
Фото: massaget.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлордарда Республикалық еңбек ұжымы форумына қатысты. Форумға 10 облыстан 50 еңбек ұжымын таныстыра келген төрт мың адам қатысты. 

Мемлекет басшысы форумға қатысушыларға бақын туралы тәмсіл айтып берді. "Бақыт адамның қолында. Мынадай бір тәмсіл бар. Өздеріңіз білетіндей, Құдай адамды саз балшықтан жаратты. Адамды балшықпен жасап болғаннан кейін оның қолында саз балшықтың тағы кішкентай бөлігі қалып қояды. Сонда Құдай адамнан "тағы не жасап берейін" деп сұрайды. Сонда адам "маған бақыт жасап берші" депті. Яғни, адам бақытын, болашағын өзінің қолымен жасайды. Бақыт − біреудің сыйлығы емес, бәріне өз бетіңмен жету", − деді Назарбаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін