Қырғызстанда мектеп оқушыларына планшет таратылады

Қырғызстанда мектеп оқушыларына планшет таратылады
Фото: soros.kg

Қырғызстанда мектеп оқушыларына планшет таратылады, − деп хабарлайды "Вечерний Бишкек". Елдің премьер-министрі Темір Сариевтің айтуынша, 2016 жылы "Ақылды мектеп" бағдарламасы аясында кемінде 100 мектеп Интернетке қосылады.

"Бұл бағдарлама негізгі төрт бөлімнен тұрады: "е-Оқушы", "е-Оқулық", "е-Мұғалім", "е-Мектеп". Қазіргі уақытта үкімет "Ақылды мектепті" жүзеге асыруды қарастырып жатыр. Электрондық білім беруге көшу кезінде әрбір оқушы планшетпен қамтамасыз етілуі тиіс, бұл баланың уақытын 60 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ел бюджетінен қаражат та қарастырылды",  деді Сариев.

Сонымен қатар елде "Билим жана маданият" атты цифрлық жаңа телеарна ашылды. Осы арна арқылы енді республикадағы үздік мұғалімдердің "ашық сабақтары" көрсетіледі.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін