Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақстанда жалақы өскен аймақтар

Қазақстанда жалақы өскен аймақтар

Қазақстанда жалақы өскен аймақтар

Сарапшылар Қазақстанның қай аймағында жалақының ең көп өсіркенін анықтады, − деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2015 жылы қазақстандықтардың жалақысы орташа есеппен 4 пайызға өсті. 2015 жылдың 4-ші тоқсанында Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 136,1 мың теңге болыпты. Бұл 2014 жылға қарағанда 5,2 мың теңгеге жоғары. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы жалақының өсу қарқыны соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен.

"2-ші тоқсанда жылдық өсім - 3 пайыз, 3-ші тоқсанда - 2 пайыз, ал 4-ші тоқсанда 4 пайыз болды. Салыстыра кетсек, 2014 жылдың 4-ші тоқсанында орташа жалақы қызметкер 2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда жалақыны 12 пайызға көп алды", − деді сарапшылар.

Республика бойынша елордалық қызметкерлердің жалақысы ең көп, яғни 17,2 мың теңгеге өскені анықталды. Мұнай өндіретін аймақтарда, яғни Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында жалақы 15,9 мың және 12,9 мыңға өскен. Бұл кезеңде Маңғыстау облысында жалақы 4,5 мың теңгеге, ал Ақтөбе облысында 1,2 мың теңгеге қысқарған. Қызылорда облысында жалақы небары 84 теңгеге өсіпті.

Өткен жылға қарағанда 7,9 мың теңгеге жоғары жалақы алатын алматылықтар жалақының өсу қарқыны жөнінен 4-орын алды.

Түрлі қызмет көрсетумен айналысатын компаниялардың қызметкерлерінің жалақысы бір жылда 45,2 мың теңгеге, яғни 27 пайызға өсіпті. Кәсіби, ғылыми, техникалық қызмет өкілдерінің жалақысы бір жылда  39,5 теңгеге, яғни 15 пайызға өскен. Қаржыгерлер мен тау кенді игеру өнеркәсібінің қызметкерлері болса бұрынғыдан 18-20 мың теңге артық жалақы алды.

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: mbaqueen.com
Қосылған күні: 14 наурыз 2016, 16:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.