Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz

Наурыздың 5-7 аралығына арналған ауа райы болжамына сәйкес Батыс Сібірдің солтүстік аумағындағы суық антициклон оңтүстік-шығысқа ығысып, Сібірге ғана емес, Қазақстанның да ауа райына әсер етеді. Соған байланысты республикамыздың басым аумағы жауын-шашынсыз, ауа температурасы төмен болады деп күтіледі.

"Таяу күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында күндізгі ауа температурасы -3 және +5 аралығында болса, 7 наурызда ол минус 5-13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы көтеріліп, 7 наурыздан төмендей бастайды", − деп хабарлады синоптиктер.

Ал еліміздің оңтүстігіне Ираннан келген жылы ауа массалары ығысып, ауа температурасы мамыр айындағы көрсеткіштерге дейін жетеді. Тек батыс өңірге атмосфералық фронттар ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынды, алабұлтты болып, тұман түседі деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты. Метеорологтардың болжамына қарағанда, Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін