Қазақстандықтар биыл жазда қайда демалады?

Қазақстандықтар биыл жазда қайда демалады?
Фото: massaget.kz

Теңгенің құлдырауы қазақстандықтардың шетелде демалуға деген жоспарын өзгертіп жіберді. Қазақстанның туристік агенттіктерінің ассоциациясының президенті Әсел Нұркебаева балаларымен бірге демалғысы келетін қазақстандықтар үшін Түркияның қызықты болып қала беретінін айтты. Алайда ол азаматтардың ендігі арзандау қонақүйлерге баратынын болжады. Бұл пікірді Kompas Tour турагенттігінің директоры Анна Загоруйко да қолдап отыр, оның айтуынша, демалыс күндері азайған.

Мұнымен қатар ол бүгінде қазақстандықтардың жергілікті туризмге бет бұра бастағанын және Сочи, Қырым, Татарстан, Краснодар сияқты қалаларға қызығушылық танытып жүргенін айтты. Осыған дейін бұл елдерге Қазақстан азаматтары көп бармаған екен. Оның үстіне, сарапшының айтуынша, 2016 жылдың жазында қазақстандық туристердің Ресейге барып демалатындарының үлесі 30 пайызға дейін артады екен. 

Жалпы алғанда, сарапшының пікірінше, туристік бағыттар түрлі болуы мүмкін. "Шекарадан асып демалуға қалтасы көтермейтіндер Қазақстандағы демалыс орындарын таңдайды. Мұны біздің жергілікті қоғам жақсы түсініп отыр. Осыған байланысты олар қызмет сапасын жақсарта бастайды. Олардың кейбірі тіпті бағаны түсіреді. Бұл мақсатта үкімет те жұмыс істеп жатыр. Барлығы дайындалып жатыр, жұмыс істеп жатыр. Қандай жағдай болмасын, біз туристерге ұсыныс табамыз", − деді Нұркебаева.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін