Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Пәтерден бас тартқан канадалық студент киіз үйде тұрып жатыр

Пәтерден бас тартқан канадалық студент киіз үйде тұрып жатыр

Пәтерден бас тартқан канадалық студент киіз үйде тұрып жатыр

Пәтерден бас тартқан студент Майкл Джеффри табиғатты жақсы көреді екен де, коммуналдық қызмет үшін төлеуді ұнатпайды екен. Сондықтан пәтер жалдаудың орнына ол өз күшімен киіз үй сатып алып, көшпенділердің осы үй түрінде тұрып жатыр, − деп хабарлайды BuzzFeed.

Жігіт Камлупс қаласындағы Thompson Rivers университетінде оқиды. Оның айтуынша, киіз үйде тұру қалыпты пәтерлерге қарағанда арзанға түседі екен. Студент киіз үйдің тағы бір тұсы деп баспананы оңай көшіруге болатынын атады. Ол оқу мекемесіне 10 минутта жаяу баратын жерде тұрады.

Майкл мұндай шешімге жаз бойы Эдмонтондағы досының киіз үйінде тұрып шыққандықтан барғанын айтып берді. Студент жерді жалға алу үшін ғана қаражат шығындайды. Бұл айына 150 доллардай сома. Үй ішінде ол пеш орнатып, электр тогынан бас тартыпты. Ал ноутбугі мен телефонын таяудағы кафеде қуаттап алады екен.  

"Менің кейбір достарым бір бөлмелі пәтер жалдау үшін ай сайын 400 доллар төлейді. Сондықтан менің үнемім айдан анық", − дейді Майкл киіз үйді мақтап. 

Майклдың айтуынша, қазіргі канадалықтар орталық жылыту жүйесі болмаса өмір сүре алмайды. "Барлығымыз жайлылыққа үйреніп алғанбыз. Бірақ ертеде адамдар осылай өмір сүрді ғой. Меніңше, киіз үй − өмір сүруге сай келетін баспана", − дейді ол. 

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: BuzzFeed.
Қосылған күні: 26 ақпан 2016, 10:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.