Қазақстанда McDonald's мейрамханасы қашан ашылатыны белгілі болды

Қазақстанда McDonald's мейрамханасы қашан ашылатыны белгілі болды
Фото: tengrinews

McDonald's мейрамханасы Астанада 8 наурыз күні ашылады. Мейрамхана ғимараты Қабанбай батыр, 26 даңғылында орналасқан.

McDonald's компаниясының мәліметінше, мейрамхана аумағы −  863 шаршы метр. Мейрамханада 206 орын бар. Кәсіпорында 200-ден аса жұмыс орны ашылады. Бұған дейін Астана әкімдігі McDonald's-тің екінші мейрамханасы Бөгенбай батыр, 49 даңғылында орналасатынын хабарлаған еді.

Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін