Қазақстан банктерінің 2015 жылғы кірісі 27,3 триллион теңге болды

Қазақстан банктерінің 2015 жылғы кірісі 27,3 триллион теңге болды
Фото: cont.ws

Қазақстанда өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық кірісі 27,3 триллион теңге болды, − деп хабарлайды Ranking.kz аналитикалық қызметі.

"Сонымен қатар, бұл кезеңде олардың жиынтық шығыны 27 триллион теңге болды. Екі көрсеткіш те алдыңғы жылғыдан үш есеге өсіп отыр. Банктердің кірістері 2011 жылдан бері жоспарлы түрде өсіп келе жатыр. Соңғы үш жылда шығын мөлшері де өсті. 2015 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 1,7 триллион және 824 миллиард теңге болды",  делінген портал хабарламасында.


Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін