Ұшаққа телефон қуаттағыш алып мінуге тыйым салынады

Ұшаққа телефон қуаттағыш алып мінуге тыйым салынады
Фото: youtube.com

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) 1 сәуірден бастап ұшаққа литий-ионды қосымша телефон, ноутбук, MP3 қуаттағыш алып мінуге тыйым салмақ. Себебі мұндай қуаттағыштар өрттің шығуына сеп болуы мүмкін екен.

ICAO құрамына әлемнің 191 елі кіреді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бұл елдердің барлығы ұйымның шешімін ұстанатын болады. Ал қосымша смартфон, MP3, ноутбук қуаттағыштарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін өртке төзімдірек етіп жасауға асығар емес.

Айта кетейік, осыған дейін әлемдік рейтингтегі Қазақстанның әуе кеңістігіндегі қауіпсіздігі едәуір жақсарып, 47%-дан 60%-ға өскен еді. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жоғарылатуды мақсат тұтып отырғандықтарын хабарлаған болатын.

О. Сансызбай