Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: massagetkz

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді, − деп деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" кәсіпорныны.

Қатты жел мен боранға байланысты 12 ақпанда сағат 08.00-ден бастап Үшарал  Достық тас жолында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар Ақмола облысында Екатеринбург  Алматы тас жолындағы қозғалысқа 11 ақпанда қойылған шектеу жалғасады. Шектеудің автокөліктің барлық түріне қатысы бар.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін