Оңтүстік тұрғындары назарына: Аса сақ болыңыздар!

Оңтүстік тұрғындары назарына: Аса сақ болыңыздар!
Фото: massaget.kz

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақ тұрғындарына дабылды ескертпе жасады.

9 ақпан күні Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қарлы боран, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы 2 градус суық-3 градус жылылық аралығында өзгереді. Облысқа жақын жерлерде аяз 8 градусқа дейін барады.

10 ақпан күні Алматы облысында жаңбыр аралас қар жауады.

10-11 ақпан күндері таулы аймақтарда күшті бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы 15 градусқа дейін салқындайды.

Тау бөктеріне саяхатқа шықпау қатаң ескертіледі. Көлікпен ұзақ жолға шыққанда аса сақ болыңыздар!

Алматы қаласының ТЖД

@. @assel_assanova