Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қостанайлық шебер Астананың ғимараттарын моншақтан жасайды

Қостанайлық шебер Астананың ғимараттарын моншақтан жасайды

Қостанайлық шебер Астананың ғимараттарын моншақтан жасайды

Қостанайлық шебер Бақтыбай Кенжеғұлов Астананың ғимараттарын моншақтан жасайды. Оның бұл іспен айналысып жүргеніне бір жылдам асқан, − деп хабарлайды 24.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жан енді үйірме ашып, өнерін тағдырластарына үйреткісі келеді. Ісмердің ең үлкен арманы  елордада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне қатысу. Мұқтаждық  мың өнердің анасы. Денсаулығы сыр берген Бақтыбай Кенжеғұлов көңілін аулайтын кәсіп іздеді. Бірде оңтүстіктегі Сарығаш ауданына жолы түсіп, моншақтан бұйым жасайтын шебермен жолығып, осы өнерді үйренді. Қазір әбден төселген. Кеншілер қаласында кәдесыйға тапсырыс берушілер көп көрінеді.

«Туған күн сияқты мерекелерге арнап сөмкелерге тапсырыс беріп кетеді. 11:00-де бастасам, ертең кешке дейін дайындап беремін. Бұдан көбі 3-4 күнге кетіп қалады. Бір гүлді тез істегенде 20 минутта бітіремін»,  деді Бақтыбай Кенжеғұлов.

Моншақтарды есеппен тізу, қалыпқа келтіру, тастардың үйлесімін табу оңай шаруа емес. Темірдей төзім, ұшқыр қиял керек. Мұндайда Бақтыбайға келіншегі Гаухар көмектеседі. Ісмердің ең бірінші сыншысы да, қолдаушысы да жұбайы. Көз жауын алатын әр бұйым көз майын тауысқан жанкешті еңбекпен келеді.

«Әрқайсысы әртүрлі болады. Бір қолдан шықса да, басқаша болады. Екеуі бірдей болмайды. Біріншіден, бұл өнер таза, әсем, әдемі көрінеді. Әрбір істеген заты сұранысқа ие»,  дейді шебердің жары Гауһар Әлиева.

Бақтыбай  екінші топтағы мүгедек. Кемтар екенмін деп мемлекетке масыл болатын адамың ол емес. Шебер кәдесыйдан бөлек ұлттық нақыштағы бұйымдар, еліміздің рәміздерін тоқиды. Олардың бәрі бүгінде саудаланып кеткен. Қолөнерші Қазақстанның мақтаныштарын енді халықаралық деңгейде насихаттауға ынталы.

Бақтыбай Кенжеғұлов, қолөнер шебері:

«Ақорданы істеп көрдік. Әдемі шықты. Пирамиданы істеп көрдік, ол да әдемі шықты. Ендігі ойым - Қазақстанның курортты аймақтарын жасау. Соларды ЕХРО-2017 көрмесіне шығару», - дейді шебер.

Қолөнерші Өзбекстаннан 2000 жылы елге оралды. Алғашында Оңтүстік Қазақстанда тұрды. Рудныйға бес жыл бұрын көшіп келді. Содан бері пәтер кезегінде тұр. Жеке пәтерге ие болсам, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап қолөнер үйірмесін ашар едім дейді ол.

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 01 ақпан 2016, 09:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.