Алматы маңында жер сілкінісі болды

Алматы маңында жер сілкінісі болды
Фото: tengrinews

Алматыдан 28 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды, − деп хабарлайды ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері 2016 жылдың 29 қаңтарында таңғы сағат 8.12-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырымда орналасты. Зілзаланың энергетикалық класы - 8,7, тереңдігі - 15 шақырым.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін