Доллар бағамы түсті

Доллар бағамы түсті
Фото: newstes.ru

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 373,33 теңгеге тең болды. Бұл кешегі көрсеткішке қарағанда 2 теңгеге төмен.

28 қаңтарда таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 373,5 теңгемен басталды. Сессияда ең төменгі сауда 371,5 теңгемен, ал жоғарысы 374,6 теңгемен жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 373-375,5 теңге аралығында сатып жатыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін