Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Шымкентте бәйшешек гүлдеді
Фото: Отырар

Шымкентте күннің жылы болуынан бәйшешек пен шегіргүл гүлдеді, − деп хабарлайды "Отырар".

Порталдың мәліметінше, ауа райының 15-18 градусқа дейін жылынуынан қалада жабайы шегіргүлдер қаптап кеткен. Айта кетейік, бұлар әдетте наурыз айында шыға бастайды.

Тұрғындардың ауласында гүлден бөлек ақжелкен де өскен, көбі "қысқы" егінді жинап үлгеріпті.

Айта кетейік, синоптиктер 28 қаңтарда Шымкентте ауа райы ноль градусқа дейін суытатынын хабарлады. Ал келесі күні ауа райы минус бес градусқа дейін суытады. Жаңбыр мен қардың жаууы да күтіліп отыр.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін