Қазақстандықтар 2016 жылы неше күн демалады?

Қазақстандықтар 2016 жылы неше күн демалады?
Фото: massagetkz

Қазақстандықтар 2016 жылы неше күн демалатыны анықталды. Еgov.kz порталында жарияланған күнтізбеден биыл 121 демалыс күні бар екенін көруге болады. Оның тоғызын ел тұрғындары өткізіп үлгерді.

Сенбі және жексенбі күніндегі демалыстан бөлек қазақстандықтар наурыз айында Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы қарсаңында 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады.

Мамыр айында да демалыс күндері көп болады. Бірлік күні 1 мамыр жексенбі күніне келуіне байланысты ол 2 мамырға және Отан қорғаушылар күні, 7 мамыр сенбіге келуіне байланысты 10 мамырға ауыстырылды.

Қазақстандықтар Астананың туған күні − 6 шілде және 30 тамыз  Конституция күні кезінде демалады. Сонымен қатар 12 қыркүйекте Құрбан Айт мейрамына демалыс беріледі.

Биыл 1 желтоқсан  Тұңғыш Президент күнінде, Тәуелсіздік күні  16 және 17 желтоқсанда демалыс болады. 17 желтоқсан сенбіге келуіне байланысты демалыс 19 желтоқсанға ауыстырылды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін