Маңғыстауда 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады

Маңғыстауда 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады
Фото: www.rfdeti.ru

Сарға ауылында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салып, қайтыс болды деп хабарлайды Tumba.kz-ке сілтеме жасаған sn.kz.

Марқұмды туыстары үй ауласындағы қорада асылып тұрған жерінен тауып алған.

Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болса да, сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуға ерте дейді. Бойжеткеннің денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың бегісі жоқ.

Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның ешкіммен ренжіспегенін, ешқандай оғаш қылық көрсетпегенін айтты.

Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.

Дереккөз: nur.kz

Ж. Исакаев