Зейнеткер алаяққа 22 миллион теңгесін беріп қойды

Зейнеткер алаяққа 22 миллион теңгесін беріп қойды
Фото: vk

Алматыда зейнеткердің 22 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды.

ІІД мәліметінше, ұсталған 1979 жылғы азамат Д. Сайырбаев бұған дейін сотты болған. "Алайда бұдан сабақ алмаған Сайырбаев тағы да заңбұзушылық жасады, нақтырақ айтсақ, Алматыдағы Медеу ауданының аумағында алаяқтық жасады - бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп, жымқырған. Ер адамның қылмыстарының бір эпизодында оның қақпанына 2011 жылдың 25 қазаны мен 30 қарашасының аралығында Сайырбаев заң компанияларының бірінің ғимаратында заң құқық қызметін ұсынатынын және соттың барлық инстанция мәселелерін шеше алатынын айтып, зейнеткердің сеніміне кіріп, 22,35 миллион теңгесін жымқырғаны жайлы зейнеткерден хабар түсті", − деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков. 


Д. Сайырбаев. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жолдады 

Сонымен қатар Медеу аудандық ІІБ-не ұсталған азаматқа қатысты тағы да он адамнан хабар келген. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ұсталған азаматтан зардап шеккендерді полицияға хабар беруін сұрайды.

Дереккөз:  Tengrinews.kz 

С. Ерсін