АҚШ-та 1,5 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды

АҚШ-та 1,5 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды
Фото: www.cardmates.net

Калифорния штатында 1,59 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды, − деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, ұтыстың бір билетте екені немесе бірнеше билетке бөлінгені әзірше белгісіз. "Біз басқа штаттардың нәтижелерін күтіп отырмыз",  деді лотерея өкілдері.

Сонымен қатар "сәтті билеттің" Лос-Анджелес маңындағы Чино-Хиллз қаласында сатылғаны анықталды.

Айта кетейік, америкалық белгілі Powerball лотереясының джекпоты рекордтық 1,3 миллиард долларға жетіп, тарихтағы ең үлкен бизнес лотереясы болған еді. Сонымен қатар лотереялық билеттердің сатылымы да рекордтық деңгейге жетті. Техаста бір сағат ішінде лотерея билетін сатушылар 4,9 миллион доллар пайда тапқан.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін