Плутонның суретінен ерекше нысан байқалды

Плутонның суретінен ерекше нысан байқалды
Фото: NASA

NASA зерттеушілері Плутонның суретінен ұлуға ұқсас ерекше нысанды байқады. Сурет New Horizons аппаратымен түсірілген болатын.

Суретте Плутонның "жүрегі" саналатын Томбо бейнеленген. Бұл аймақтың ұзындығы шамамен − 1590 шақырым.

Ғалымдардың айтуынша, нысанның ерекше формасын "конвекция" теориясымен түсіндіруге болады. Яғни азотты мұзда конвекция процесі жүрген. Осы процестен азотты ұяшықтар пайда болып, кейде бір-бірімен қосылып кетеді. Осы процестер кейде миллиондаған жылға созылады. Болжам бойынша, жұмбақ нысан конвекциялық бірнеше ұяшықтың қосылуынан пайда болған.

Naked Science мәліметінше, Плутондағы нысанның суреті Жерге 24 желтоқсанда сурет түсірілгеннен соң 5 айдан кейін берілген. Жиналған ақпараттардың көп болғаны соншалық олар Жерге 2016 жылдың жазына дейін берілуі мүмкін. 

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін