2015 жылдың есте қалар елеулі оқиғалары

2015 жылдың есте қалар елеулі оқиғалары
Фото: blog.reship.com

2015 жыл да аяқталды. Қой жылының басты оқиғалары мен жаңалықтары да massaget.kz сайтының назарынан тыс қалған жоқ. Назарларыңызға жылдың есте қалар елеулі оқиғаларына қысқаша шолуымызды ұсынамыз. 

- Кезектен тыс президент сайлауы өтті

- Мемлекет басшысы халыққа кезекті жолдауын арнады

- Президент “100 нақты қадам” ұлттық жоспарын ұсынды.

- Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. 

- Әлемге төнген дағдарыс бізді де айналып өткен жоқ. АҚШ долларының бағасы шарықтап, теңге еркін айналымға жіберілді. 

- 20 мыңдық купюра қолданысқа енді. 

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылданды. 

- ҰБТ-ға қыз киімін киіп кірген жігіт ұсталып, жұртты таңдандырды.

- Алматы облысындағы сел елді есеңкіретіп тастады.

- Экс-премьер-министр Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

- Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде атап өтілді. 

- Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекеленді. 

- Хакім Абайдың 170 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы тойланды.

- Ұлы жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев өмірден өтті.

- Белгілі әнші Батырхан Шүкенов 53 жасында көз жұмды. 

- Белгілі ғалым, әдебиетші Тұрсынбек Кәкішев, жазушы Дидахмет Әшімхан, ақын Тұрсынай Оразбаева бақилық болды.

- Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықтауда Алматы Бейжіңге жол берді. 

- Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. 

- «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

- «МС Сайлаубек» есімі танылды.

- Белгісіз ауру салдарынан ақбөкендер қырылды.

- Таразда өзін-өзі өртеген 20 жасар Ерлан Бектібаев ісі жұрттың жағасын ұстатты. 

- Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді.

- Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әлем рекордын жаңартты.

- Қазақстандық үш ауыр атлет допинг қолданды деген күдікке ілінді. 

О. Сансызбай