Доллар тағы екі теңгеге қымбаттады

Доллар тағы екі теңгеге қымбаттады
Фото: akjolgazet.kz

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 333,03 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллар бағамы 21 желтоқсанда тарихи антирекордқа жеткеннен кейін қайтадан төмендей бастаған еді.

2015 жылдың 28 желтоқсанында күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 332,50 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы болды. Ал ең жоғарысы 333,50 теңгеден асты. Ақша айырбастау орындары долларды 332-335,1 теңге аралығында саудалап жатыр.

Еске сала кетейік, доллар бағамы таңғы сессияда 331,38 теңгеге тең болған еді.

Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін