Назарбаев қазақстандық екі жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды

Назарбаев қазақстандық екі жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды
Фото: voxpopuli.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі жетекші жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдағаны хабарланып отыр. "Кездесу барысында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ескендір Бейсембетовті Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті. 

Қ. Бүйенбай