Қазақстан: жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Қазақстан: жолдардың жабылуы туралы ақпарат
Фото: 24.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Ақтөбе облысы ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) «Самара-Шымкент» (773-1240) а/ж учаскесінде автокөліктер қозғалысы тоқтатылды. Қызылорда облысы ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» (1240-1356) а/ж учаскесінде автокөліктер қозғалысы тоқтатылды.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы