Алматыда трамвайды тоқтатқан студенттің оқиғасы Ауғанстан президентін толқытты

Алматыда трамвайды тоқтатқан студенттің оқиғасы Ауғанстан президентін толқытты

Алматыда трамвай жол апатына түскенде оны тоқтатқан ауған студентінің оқиғасын Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани жан тебірентерлік оқиға деп атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақордада өткен отырыста мәлімдеді.

"Трамвай жолдан шығып, оны ауған студенті тоқтатқан оқиға біз үшін әсерлі болды. Бұл өте ғанибет. Мұндай өзара қатынас осылайша дами түсуі тиіс", – деді Ғани.

Еске сала кетейік, ауғанстандық студент Башарат хан Юссефи 13 қазанда Алматыда болған жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарып қалды. Жол-көлік оқиғасы кешке Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көліктің салонында болған жігіт басқарусыз қалған трамвайды тоқтатты.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас жөнінде сөз сөйлеген президент Кеңес Одағын тағы бір мәрте еске алып, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара қатынасқа келтірілген тосқауылдарды айта кетті. Ол Қазақстанның жетістіктеріне баға жетпейді деп атады.

"Бұл біз үшін шабыт. (...) Сіздердің 2030, 2050 болсын барлық бағдарламаларыңыз расталып, жүзеге асты. Сіздердің жетістіктеріңізбен және табыстарыңызбен құттықтаймын", - деді ауған басшысы.

"Біздің экономикадағы, өңірлік серіктестіктегі өзара қатынасымыз екі жақты қарым-қатынас сынды дами түседі. Сонымен қатар, транзит пен бизнесте. Біз Қазақстанның біздің экономикамыз үшін құятын инвестициясын асыға күтеміз", – деді Ауғанстан президенті.

Ол табиғи катаклизмдер кезінде көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанға алғысын айтты. Сонымен қатар, Ауғанстанның есірткімен күрес үшін нақты қадамдар жасайтынын мәлімдеді. 

Сөзін қорытындылай келе ол лаңкестік қаупі мәселесіне тоқталды. "Терроризмде жақсы немесе жаман деген болмайды. Терроризм мәдениетті, шекараны мойындамайды. Ол ортақ қауіп. Біз ортақ күш салып терроризммен күресуіміз керек, біздің ұлы дініміз, ұлы мәдениетіміз одан бұдан былай зардап шекпеуі үшін күресеміз де. Әлем халқы Қазақстанның, Ауғанстанның және мұсылман халқының басым бөлігі серіктестікті, бейбітшілікті және тұрақтылықты қалайтынын білуі тиіс", – деп сөзін аяқтады Ауғанстан президенті.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?