KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды
Фото: news.gazeta.kz

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды. Мұндай деңгейде шетел валютасы төрт күн бойы тұр.

2015 жылдың 19 қарашасы күні таңғы сессиясында алғашқы келісім 307,48 теңгемен басталды. Бұл ең жоғарғы бағаны көрсетті. Ең төменгі баға − 307,36 теңге. Сауда көлемі 87,6 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін