«Бәйтерек» монументі Франция туының түсімен боялды

«Бәйтерек» монументі Франция туының түсімен боялды
Фото: tengrinews.kz

Астанадағы «Бәйтерек» монументі Франция туының түсімен боялды. Осыған дейін Парижде болған лаңкестік әрекеттерге байланысты әлемдегі көптеген ғимараттар көк-ақ-қызыл түстерге боялған еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Twitter және Facebook парақшаларында #Prayers4Paris #ParisAttacks #PrayforParis хэштегтерімен суреттер жариялап жатыр. Франция туы әлемнің ең танымал ғимараттарының көпшілігінде көрініс тапты. Сонымен қатар, әлем халқы қалаларындағы Франция елшілігі мен консулдықтарына гүлдер апарып жатыр.

Айта кетейік, Париждегі лаңкестік әрекеттер салдарынан 150-ден аса адам қаза тапты.

Н. Үсенова