Еліміздің шығысында жер сілкінді

Еліміздің шығысында жер сілкінді
Фото: tn.kz

Еліміздің шығысында жер сілкінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, жер сілкінісі бүгін түнгі сағат 1.40-та Зырян ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай - 27, Өскеменнен 143 шақырым қашықтықта тіркелді. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,1-ге тең болды, тереңдігі – 10 шақырым.

"Жер сілкінісі Зырян мен оның маңындағы ауылдардың тұрғындарына сезілді. Жерасты дүмпуі Катонқарағай ауданында да білінді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", – делінген тараған ақпаратта.

Еске сала кетейік, 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 17.16-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен 161 шақырым қашықтықта болды.

М. Бисембаева