Ауа райы: Қазақстанға Ресей мен Орталық Азиядан циклон жылжып келеді

Ауа райы: Қазақстанға Ресей мен Орталық Азиядан циклон жылжып келеді
Фото: tn.kz

Синоптиктер 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Ресейдің Еуропа аумағында орналасқан терең циклон мен Орталық Азиядағы циклон ақырындап Қазақстанға қарай жылжиды. Сол себепті, елде жаңбыр мен қар жауады.

"Осыған байланысты көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін артады, еліміздің солтүстігінде боран соғады. Сонымен қатар, солтүстік және шығыс облыстарда қалыптасқан қар жамылғысы қалыңдай түседі", - деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады.

М. Бисембаева