"Көктөбе" мұнарасы архитектуралық көмескі жарықпен жабдықталады

"Көктөбе" мұнарасы архитектуралық көмескі жарықпен жабдықталады
Фото: tn.kz

"Көктөбе" телемұнарасында медиафасад пен басқарылатын көмескі жарық пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телемұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асады.  

Телемұнара күндіз өзінің бұрынғы келбетін сақтайды, оның қондырғылары мүлдем байқалмайды. "Мереке және жексенбі күндері көмескі жарық пен медиафасад іске қосылады, түрлі  тақырыптық ақпарат көрсетеді, ал күнделікті жұмыс күндері мультиколорлы мол жарық беретін болады. Телемұнарадағы барлық жарық көздері басқарылады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Әкімдіктегілердің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру үш негізгі кезеңге бөлінген, олар қондырғыны жеткізу, монтаждау және іске қосу. Құйылмалы көмескі жарықты қалыптастыру (55 күн), прожекторлы кешен (55 күн) және медиафасадты орнату (120 күн) сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады.  

Еске сала кетейік, бұған дейін саябақтың директоры Нұрлан Қазиев Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, енді Көктөбеден Қапшағайдың көрінісін тамашалауға болатынын айтқан еді. Көктөбеге қойылған жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек арқылы (аттракцион) бүкіл Алматыны, сонымен қатар, Қапшағай су қоймасын тамашалауға болады.

М. Бисембаева