Астанада «Шабыт» фестивалі салтанатты түрде ашылды

Астанада «Шабыт» фестивалі салтанатты түрде ашылды
Фото: 24.kz

Астанада «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі салтанатты түрде ашылды.

Биыл 18-мәрте ұйымдастырылып отырған байқауда бағын сынауға 388 үміткер ниет білдірген. Олардың өнерін өзіміздің және Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресейден келген танымал майталмандар бағалайтын болады. Бас жүлде иегеріне 250 мың, алтын медаль алған конкурсантқа 200 мың, күміс жүлде 150 және қола жүлде иегерлеріне 100 мың теңгеден табысталады. Байқау аясында әділ қазылар алқасы қатысушылар өнерін «Домбырамен ән салу», «Домбыра», «Цирк өнері», «Академиялық ән салу», «Үздік скрипкашы» сынды аталымдар бойынша бағалайды. Сондай-ақ биыл фестиваль бағдарламасына «Спорттық бал биі» жаңа аталымы енгізілді.

Ержан Төтеев, фестиваль қатысушысы: - Күйші ретінде күй қорымды көбейте аламын. Жалпы байқау ережесінде 15 күй бар. Яғни репертуарыма 15 күй қосылады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы