Мемлекет басшысы ресми сапармен Лондон қаласына барды

Мемлекет басшысы ресми сапармен Лондон қаласына барды
Фото: 24.kz

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапары басталды.

Мемлекет басшысы осы сапары аясында Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен, ІІ Елизавета Патшайыммен, сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бастаған біздің делегация осы басқосуларға дейін бірқатар маңызды мәселені шешуде. Атап айтқанда, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Еуропалық даму банкінің бірінші вице-президенті Филл Бенетпен көлік инфрақұрылымын қамтитын құжатқа қол қойды.

Қаржы институты елімізде жаңа жолдарды төсеуге және ескілерін жаңартуға 2020 жылға дейін бір миллиард еуро қаржы бөледі. Жалпы Мемлекет басшысының сапары аясында құны 4-5 млрд долларды құрайтын ондаған құжатқа қол жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы