Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Фото: tn.kz

29-31 қазан аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, батыстан шығысқа ауысатын циклон жауын-шашынды, кей жерлерде тұманды, мұзтайғақты және желді күшейтеді. "31 қазанда түнгі температура республиканың батысында және солтүстік батысында 3-11 градус нольден төмен болады, солтүстікте, шығыста және орталықта термометр 0 және 8 градус суықты, оңтүстікте, оңтүстік шығыста 3-8 градусты, кей жерлерде 0-5 градусты көрсетеді, күндіз республиканың солтүстік бөлігінде температуралық фон 0-5 градус болады, оңтүстік бөлікте термометр көрсеткіші 7-15 градусты көрсетеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады.

М. Бисембаева