Қазақ қыздары да ғарышқа ұшуы мүмкін

Қазақ қыздары да ғарышқа ұшуы мүмкін
Фото: bnews.kz

«Ғарышкерлерді ғарышқа қазақтың ұшқанын көрсету үшін емес, елімізде басқарылатын ғылыми бағдарламаларды дамыту үшін жібереміз». 

Сондықтан аталмыш салаға мамандарды бейімдеу әлі де жалғасын табады. Тіпті келесі жолы қазақтың қайсар қыздары да ғарыш әлемін бағындыруы бек мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев осылай деді. Оның айтуынша, қыркүйекте ғарышқа ұшқан Айдын Айымбетовке үлкен міндет артылды. Өйткені еліміз 5-ғарыш бағдарламасын аяқтауы тиіс болатын. Ғарышта жасалған тәжірибе термоядролық энергетика, плазмалық медицина және нано материалдарды шығаруда қолданылмақ. Тіпті, онда азық болған отандық өнімдер де жоғары бағаға ие болды. 

Айдын Айымбетов, Халық қаһарманы, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы: 
- Сорпа, құрт, ірімшік, сүзбе және құрғақ қымыз. Осы азық-түліктер күш-қуатыңды арттыруға көмектеседі. Экипаж мүшелері Қазақстанда өндірілген өнімдердің дәмін татып, жоғары баға берді. Бұл өз кезегінде тағамтану академиясы әзірлеген тағамдардың халықаралық деңгейге шығуына жол ашады.


Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы