Қырғызстан президенті Қазақстанға ұлттық бас киімін киіп келді

Қырғызстан президенті Қазақстанға ұлттық бас киімін киіп келді
Фото: tn.kz

Алмазбек Атамбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы президентінің сайтына сілтеме жасап. Атамбаев ұшақтан қырғыздың ұлттық бас киімі ақ қалпақ киіп түсті.

Сапар барысында Атамбаев ТМД елдері басшыларының кезекті кеңесіне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады, бұл шаралар Бурабайда өтеді.

Кеңеске Александр Лукашенко да ұшып келді. Беларусь президентін әуежайда гүлмен қарсы алды.

© president.gov.by 

Қазақстанға бұлармен қатар Армения, Тәжікстан, Өзбекстан мен өзге де елдердің басшылары келеді. 15 қазанға қараған түні Астанаға Ресей президенті келді.

М. Бисембаева